АҚШ-та енді жасөспірімдер де вакцина салдыра алады

Фото: pexels.com Фото: pexels.com

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге Pfizer және BioNTech коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге Pfizer және BioNTech коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Шешім 12 жастан асқан адамдарды вакциналауға мүмкіндік береді. Бұл ең төменгі жас шегі 16 жастан төмендегенін көрсетеді.

"FDA-ның 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге Pfizer-BioNTech COVID-19 вакцинасын қолдануға рұқсат беруі пандемиямен күрестегі маңызды қадам", - деді FDA басшысы міндетін атқарушы Джанет Вудкок.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, агенттік барлық деректі мұқият талдап, вакцинаның 12 жастан асқан адамдарға тигізетін пайдасы белгілі қауіптерден асып түсетініне сенімді болған.

Pfizer және BioNTech сынақтарына 2 260 ерікті жасөспірім қатысқан. Сынақ нәтижелері бойынша компаниялар вакцинацияның екі дозасын алған балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмегенін, ал плацебо тобында 18 адам ауырғанын айтты.

Жасөспірімдерді вакциналау алдағы күндері басталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная