ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 11:16
АҚШ-та "Ида" дауылынан зардап шеккендер саны 44-ке жетті
АҚШ-тың солтүстік-шығысында "Ида" дауылы салдарынан 44 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың солтүстік-шығысында "Ида" дауылы салдарынан 44 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап
Табиғи апат елдің шығыс жағалауында болып, көптеген қалаларды, соның ішінде Нью-Йоркті басып кетті.
Дауылдың соңы нөсерге айналып көшелерді, жер асты жолдарын, сондай-ақ жертөлелер мен тұрғын үйлердің бірінші қабатын су басты.
Қазір жергілікті билік дауыл салдарынан аз дегенде 44 адам қайтыс болғанын растайды. 13 адам, оның ішінде екі жасар бала Нью-Йоркте, тағы 27 адам Нью-Джерсиде қайтыс болды. Сондай-ақ, қайтыс болғандар Бриджуотер қаласында және Хиллсборо, Монтгомери, Оңтүстік Плейнфилд және Пассаик округтерінде табылған.
Метеорологтар "Ида" дауылы күшін жоғалтқанын, бірақ дауыл ылғалды ортаны сақтап қалғанын, соның салдарынан аймақта нөсер басталғанын айтты.
АҚШ президенті Джо Байден Нью-Йорк және Нью-Джерси губернаторларымен кездесу өткізді. Оларға барлық федерал департамент дайын екенін, қажет болған жағдайда көмек көрсететінін айтты.
Еске салайық, "Ида" дауылы 29 тамызда Мексика шығанағының жағалауына жеткен. Жергілікті билік оны 1850 жылдан бері аймақ тарихындағы ең қуатты дауыл деп атады. Жүзден аса адам эвакуацияланды. АҚШ президенті Джо Байден Луизиана штатында дауыл салдарынан болған табиғи апат туралы мәлімдеді және зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.
1 қыркүйекке қарай дауыл Америка Құрама Штаттарына жетіп, біртіндеп тропикалық дауылға айналды. Жаңа Орлеан қаласы тонаудың алдын алу үшін коменданттық сағат енгізді. Нью-Йоркте су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также