13 шілде 2021 | 10:23

АҚШ-та Жер бетіндегі ең жоғары температура тіркелді

Фото: elements.envato.com

Жердегі ең жоғары температура Калифорниядағы Өлім алқабында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жердегі ең жоғары температура Калифорниядағы Өлім алқабында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS-ке сілтеме жасап.

Жер шарының осы нүктесінде термометр бағаналары 11 шілдеде +54 градусқа дейін (Фаренгейт 130 градус) көтерілген. Егер бұл көрсеткіш расталса, Жер бетінде тіркелген ең рекорд көрсеткіш болады.

Ұлттық метеорологиялық қызмет сенбіде температура 130 градусқа деңгейін көтерілгенін тіркеген. Бұл расталған жағдайда жер бетінде тіркелген ең жоғары көрсеткіштердің бірі болады. Рейнджерде жексенбіде түстен кейін тротуар температурасы 178 градус Фаренгейт деңгейінде өлшеген.

Реклама
Реклама

Елдің солтүстік-батысының көп бөлігінде аптап ыстық салдарынан электр желісіне қысым түсіп, ірі орман өрттерін тудырған.

Жергілікті тұрғындар биліктен эвакуация туралы нұсқау алған. Кламат округінің Шериф департаменті бұл аудандарға адамдардың кіруіне жол бермеу үшін қамауға алу шаралары қарастырылғанын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная