14 маусым 2021 | 10:47

АҚШ-та жолаушы ұшып бара жатқан әуе кемесінің есігін ашпақ болды

Фото: Twitter.com/FlyersRights.org

Лос-Анджелес - Атланта рейсіндегі Delta Airlines жолаушысы ұшып бара жатқанда борттан түсіп қалмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Лос-Анджелес - Атланта рейсіндегі Delta Airlines жолаушысы ұшып бара жатқанда борттан түсіп қалмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға куәгерлері ер адам алдымен зорайтылған дыбыс жүйесімен оғаш хабарландыру жасағанын, барлығына өз орнына отырып, оттегі маскаларын тағуға дайын болуды бұйырғанын айтты. Дәл сол кезде, жолаушылардың айтуынша, ер адам ұшақтың есігін ашуға тырысқан.

Ол апаттық шығу есігіне жақындап, оны ашу үшін тарта бастаған. Дегенмен экипаж бен саяхатшылар сасып қалмады. Олар жолаушыны сабырға шақыруға көмектесті. Ер адамды ұшақ шұғыл қонғанға дейін байлап, ұстап отырды. Ұшқыштар жарты жолда лайнерді Оклахома-Ситиге отырғызуға мәжбүр болды.

Реклама
Реклама

"Delta 1730 рейсінің экипажы мен жолаушыларына рақмет, олар тәртіпсіз жолаушыны ұстап отыруға көмектесті. Ұшақ жақсы қонды, жолаушы құқық қорғау органдарына тапсырылды. Біз клиенттерімізден ұшу кезіндегі кідірістер мен қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді Delta өкілі.

Осыған ұқсас жағдай Үндістанда да болған. Әуе кемесімен алғаш рет ұшқан жолаушы салонның есігін дәретханамен шатастырып ашуға тырысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная