ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2021 | 15:37
АҚШ-та жойқын құйыннан 80 адам қаза болды
Сенбіде шетелдік БАҚ америкалық Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штаттарын басып өткен торнадо салдары туралы жазды. Табиғи апат салдарынан қазірдің өзінде 80 адам қаза тапқан. Құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенбіде шетелдік БАҚ америкалық Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штаттарын басып өткен торнадо салдары туралы жазды. Табиғи апат салдарынан қазірдің өзінде 80 адам қаза тапқан. Құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Табиғат апаты Кентукки штатына орасан зор шығын әкелді, шам зауыты құлағаннан кейін ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.
The Wall Street Journal мемлекетке келген зиян туралы жазды. Кентуккидегі кем дегенде бір қала "толық қираған болуы мүмкін", - деп жазды газет.
Twitter қолданушылары АҚШ-тың шығысындағы жойқын дауыл салдары түсірілген видео жариялады.
Кадрларда бүкіл қала қирандыға айналғанын көруге болады.
New York Times газеті мәліметінше, дауыл салдарынан 200 мыңнан аса адам жарықсыз қалған.
Иллинойс штатындағы дауыл салдарынан Amazon онлайн сату желісінің қоймасы құлап, қаза тапқандар саны алтыға жетті.
Washington Post мәліметінше, алты штатта 30-дан аса торнадо соққан. АҚШ президенті Джо Байден Кентукки штатында төтенше жағдай жариялап, дауылдар сериясы "тарихтағы ең жойқын оқиғалардың бірі" болғанын айтты.
РИА Новости агенттігі мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бірқатар штатында болған апаттан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
"Елшілік Америка Құрама Штаттарының орталық аймақтарында болған жойқын торнадо сериясында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Табиғи апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген дипломатиялық өкілдіктің Facebook-тегі хабарламасында.
АҚШ президенті Джо Байден зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін федерал ресурстарды бөлуді тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также