31 желтоқсан 2020 16:25

АҚШ-та жұмысшы вакцинаның 500 дозасын қасақана бүлдірген

Фото ©REUTERS

АҚШ-тағы Aurora Medical Center медициналық орталығының жұмысшысы Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасының 500-дей дозасын қасақана бүлдірген. Оқиға туралы медұйым құрамындағы Advocate Aurora Health коммерциялық емес ұйымы хабарлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға Висконсин штатында болғаны айтылады. WBAY телеарнасының мәліметінше, Графтон қаласындағы медорталық жұмысшысы тоңазытқыштан вакцина салынған 50 қаптаманы алып, орнына қоймаған. Осыдан сақтау талаптары бұзылғандықтан, вакцина бүлінген. Кейін компания өкілдері 57 қаптамадағы 500-дей дозаны тастауға мәжбүр болған.

Реклама
Реклама

Телеарна мәліметінше, медорталық қызметкері әрекетін қасақана жасағанын мойындаған. Advocate Aurora Health компаниясы медициналық ведомствоға хабар берген. Алайда жұмысшының аты-жөні айтылмайды. Ол тек жұмыстан шығарылғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram