08 ақпан 2020 12:07

АҚШ-та казиноға барған 200-ден аса адам норовирус жұқтырған

Фото: pixabay.com

Луизиана штатындағы Лейк-Чарльз қаласында казиноға барғаннан кейін кем дегенде 200 адам норовирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WVUE телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Луизиана штатындағы Лейк-Чарльз қаласында казиноға барғаннан кейін кем дегенде 200 адам норовирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WVUE телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, мұнда L'Auberge казиносында өткен аптада қозған норовирус туралы сөз болып отыр.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттағы өкілдігінің басшысы вирустың тез жұғатынын мәлімдеген. 

"Қазіргі уақытта мұның қалай басталғаны маңызды емес, себебі вирустың қоғамға таралып жатқанын байқап отырмыз", - деді ол.

Норовирус өткір ішек инфекциясын туғызады, оны ішек немесе асқазан тұмауы деп те атайды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram