06 қараша 2020 | 15:57

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тағы антирекорд тіркелді

REUTERS/Eduardo Munoz

АҚШ-та тағы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тәуліктік рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та тағы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тәуліктік рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Елде екінші тәулік қатарынан коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты.

Реклама
Реклама

50 штаттың 20-сында күн сайынғы тіркелген науқастар саны рекорд көрсетті. Сондықтан сайлаушылардың көбі дауыс бюллетеньдерін пошта арқылы жіберді.

Кейбір қала мен штатта вируспен күресу үшін комендант сағаты енгізілді. Алайда 17 штатта әлі маска тағу міндет емес. 

Жұқтырғандардан бөлек ауруханаға жатқызылған науқастар саны 52,5 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш шілдедегі рекордқа жақындап қалды.

Сондай-ақ, науқастардың көптігі ауруханаларға салмақ салып жатыр, көптеген штаттың ауруханасында орын жоқ және қайтыс болғандар саны көбейген. Соңғы деректер бойынша, АҚШ-та күн сайын орташа есеппен 850 адам қайтыс болады. Бұл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram