05 наурыз 2021 | 09:14

АҚШ-та қырғызстандық қылмыскер туралы ақпарат айтқандарға берілетін сыйақы бес есе көбейді

АҚШ Мемдепартаменті қырғызстандық қылмыскер Қамшыбек Көлбаев туралы ақпарат айтқан адамға берілетін сыйақының өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Мемдепартаменті қырғызстандық қылмыскер Қамшыбек Көлбаев туралы ақпарат айтқан адамға берілетін сыйақының өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұрын сыйақы мөлшері 1 миллион доллар болған. Енді ол 5 миллион долларға көбейді. 

Сонымен қатар, дәл осындай сыйақы, болжам бойынша, Көлбаев басқаратын қылмыстық ұйымның қаржы ағынын бұзуға мүмкіндік беретін ақпарат үшін де беріледі.

Реклама
Реклама

Мемдеп 2000 жылы Көлбаев қылмыстық ұйымдағы басшысын өлтіруге оқталғаны және басқа адамдарды өлтіргені үшін 25 жылға сотталғанын атап өтті. Ол алты жыл қамауда болып, түрмеден қашып кеткен. 2011 жылы Барак Обаманың әкімшілігі Көлбаев наркомафия басшысы екенін, ал 2012 жылы ол туралы ақпаратты бөліскен адамға сыйақы берілетінін хабарлады. 

2017 жылы АҚШ Қаржы министрлігі Көлбаев халықаралық қылмыспен байланысы болғандықтан санкция жариялады. Ол соңғы рет 2020 жылы Қырғызстанда сотталған, ал 2 наурызда Бішкек қалалық сотының коллегиясы бұлтартпау шарасын елден шықпау туралы хаттамаға өзгерткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная