АҚШ-та лотереядан 1,34 миллиард доллар ұтқан жеңімпаз жүлдесін алмады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

АҚШ-та 1,33 миллиард долларлық джекпот ұтып алған Mega Millions лотереясының жеңімпазы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-та 1,33 миллиард долларлық джекпот ұтып алған Mega Millions лотереясының жеңімпазы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, ұтыс билеті Чикаго маңындағы жанармай құю бекетінде сатылған. Ұйымдастырушылар жеңімпаздың аты-жөнін білмейтіндіктен, жұртшылықтан билеттерін қайталап тексеруді сұрады.

"Біз бұл адамның джекпот ұтып алғанын білетін-білмейтінін білмейміз", - деді Гарольд Мэйс, Иллинойс лотерея департаментінің директоры.

Реклама
Реклама

Жеңімпаз ұтысын ойын өткізілген күннен бастап 12 ай ішінде алып кете алатыны атап өтілген. Ол салықты ұстап қалғада, 708,5 миллион доллар қолына алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама