ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2020 | 09:31
АҚШ-та Pfizer вакцинасын сынақтан өткізуге қатысқан алты адам қайтыс болды
Pfizer америкалық фармацевтикалық компаниясы мен немістің BioNTech компаниясы шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынақтан өткізу кезінде алты адам қайтыс болды. Бұл туралы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының есебінде айтылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қайтыс болғандардың төртеуіне плацебо, екеуіне вакцина салынған.
Вакцина салынғандардың бірінде семіздік және атеросклероз болған, ол препараттың бірінші дозасы салынғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды. Екінші еріктіге препараттың екінші дозасы салынғаннан кейін 60 күннен соң жүрегі тоқтап қалған. Қайтыс болған алты адамның үшеуі жасы 55 жастан жоғары болған.
Жалпы вакцинаны сынақтан өткізуге 16 жастан асқан 38 мың ерікті адам қатысқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также