ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2021 | 09:37
АҚШ-та полицей афроамерикалық қызды атып өлтірді: наразылық шарасы басталды
Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицейлер қаранәсілді 16 жастағы қызды атып өлтірді. Бұған жауап ретінде наразылық білдірушілер полиция ғимаратының алдына жинала бастады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицейлер қаранәсілді 16 жастағы қызды атып өлтірді. Бұған жауап ретінде наразылық білдірушілер полиция ғимаратының алдына жинала бастады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жергілікті 10TV телеарнасының мәліметінше, полицейлер 20 сәуірде тәртіп бұзылуына байланысты оқиға орнына шақырылған. Қаза болған Макайя Брайанттың отбасы үйі алдында қыздар жанжал шығарып жатқан соң, полиция шақырғанын айтады.
Брайант ауруханаға ауыр халде жеткізілген, сонда қайтыс болды. Полицейлер оны не үшін атып тастағаны айтылмады.
Колумбус мэрі Эндрю Джинтер Twitter желісіндегі парақшасында қалада "жасөсірім қайғылы жағдайда көз жұмғанын" жазды, бұл жайттың мән-жайын айтады. Оның сөзінше, оқиға полицейлердің камерасына жазылған.
"Мен тұрғындардан сабыр сақтап, Тергеу бюросына деректерді жинауға мүмкіндік беруін сұраймын", - деп жазды мэр Twitter-де.
Алайда, 10TV хабарына қарағанда, полиция басқармасы алдында наразылық білдіру үшін халық жинала бастаған. Олар қайтыс болған қыздың есімін айғайлап айтып жатыр.
Бұл оқиға қаранәсілді америкалық Джордж Флойдты қылқындырып өлтірген экс-полицейдің үкімі шыққан уақытта болған. Америкалық Миннеаполис сотында бұрынғы полицей Дерек Шовин Флойдты өлтіргені үшін кінәлі деп танылған еді.
Еске салайық, 2020 жылы мамырда офицер Шовин Джордж Флойдты ұстау кезінде оны аяғымен қылқындырып, афроамерикалық қайтыс болған еді. Флойдтың өлімінен кейін АҚШ-та жаппай наразылық шарасы өтіп, Black Lives Matter ("Қаранәсілділер өмірі маңызды", BLM) қозғалысы туған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также