09 қазан 2021 | 10:36

АҚШ-та полицей Қырғызстан азаматын атып өлтірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© pahomepage.com

АҚШ-тың Пенсильвания штатында полицейлер 1993 жылы туған Қырғызстан азаматын атып өлтірді. Бұл туралы 8 қазанда Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Пенсильвания штатында полицейлер 1993 жылы туған Қырғызстан азаматын атып өлтірді. Бұл туралы 8 қазанда Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 5 қазан күні таңертең Клинтон округінің Грин Тауншип қаласында болды. Жергілікті тұрғындар қатты дыбыстарды, содан кейін бірнеше рет атысты естіген. Тұрғындардың бірі көшеге шығып, бірнеше полиция көлігі мен күзет қызметкерлерін көрген.

Кейін полиция жүк көлігінде отырған Қырғызстан азаматына оқ жаудырғаны белгілі болды. Жігіт бірнеше оқ жарақатынан қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өлтірілген адам қарақшылық жасады деген күдікке ілінген. Полиция оны оқиға орнына дейін іздеп барған. Белгілі болғандай, Қырғызстан азаматы құқық қорғау органдарына берілмей, полицейлердің талаптарын елемей, жүк көлігіне жасырынуға тырысқан.

Оның жүк көлігі үш патрульдік көлікті қағып, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Нәтижесінде, бірнеше қауіпсіздік қызметкері жеңіл жарақат алған.

Әлеуметтік желілерде куәгерлер 28 жастағы қырғыз азаматының жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істегенін, жұмыстан шыққаннан кейін оған 3 мың доллар төленбеген, сондықтан ол жүк көлігін ұрлап кеткенін жазады.

"Ашумен ол жүк көлігін ұрлап кетті. Компания қызметкерлері полицияға қырғыз жігіті көлікті ұрлап кеткені туралы хабарлады. Жүк көлігі тұрақтардың бірінен табылды. Жүргізуші полиция көлігіне соғылды, содан кейін атыс басталды. Қырғыз жігіті қайтыс болды ", - деді куәгерлер 24.kg сайтына. Олар оқиға болған жерден бейнежазбаны да ұсынды.

Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігі мемлекеттік департамент пен АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігіне істің барлық мән-жайын анықтауды сұрады. Қазіргі уақытта жауап күтіліп жатыр.

Марқұмның туыстары мәйітті қажетті құжаттар толтырылған соң Қырғызстанға жіберуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная