ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2020 | 10:49
АҚШ-та сайлау қорытындысын күткен тұрғындар наразылық білдіріп жатыр
АҚШ тұрғындары сайлау қорытындысы шықпай жатқанына наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ тұрғындары сайлау қорытындысы шықпай жатқанына наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, Нью-Йоркте полиция Манхэттен көшесіндегі наразылық білдірушілерді ұстай бастады. Белсенділер АҚШ президент сайлауындағы барлық дауысты есепке алуды талап етіп жатыр екен.
"Бір топ адам полицейлерді балағаттаған. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды ұстап, жерге жатқызып, кісен салып жатыр. Қалған полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап жатыр", - деп жазады агенттік.
Мичиган штатында да наразылық шарасы өтіп жатыр. NBC телеарнасының мәліметінше, ондаған адам бюллетеньдер есептеліп жатқан жерге келіп, дауыстарды санауды тоқтатуын талап етіп жатыр.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, Вашингтондағы Ақ үйдің маңында да қақтығыс болып жатыр. Қазіргі уақытта онда полицейлер жүр екен.
АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды
Айта кетейік, алдын ала мәлімет бойынша, Невадада Байденге 588 252 адам дауыс берсе (49,3 пайыз), Трампқа 580 605 адам (48,7 пайыз) дауыс берген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также