АҚШ-та су тасқыны болып, 20-дан аса адам қаза тапты

Видео кадры

Сенбіде АҚШ-тың Теннесси штатында басталған су тасқынынан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 50-ден аса адам із-түссіз кетті, - деп хабарлайды WKRN телеарнасы.

Сенбіде АҚШ-тың Теннесси штатында басталған су тасқынынан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 50-ден аса адам із-түссіз кетті, - деп хабарлайды WKRN телеарнасы.

АҚШ президенті Джо Байден халыққа үндеу жолдап, табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көңіл айтты. Сонымен қатар, ол әкімшілік жергілікті халыққа "осындай қиын сәтте" кез келген көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Реклама
Реклама

Теннессидегі су тасқынына жұмадан бері жауған нөсер себеп болды. Кейбір қалада бір күнік жауын-шашын мөлшері бойынша рекорд жаңарған. Теннесси штатының төтенше жағдайлар агенттігі су тасқыны қаупінің үшінші деңгейін жариялап, тұрғындарды көлік жүргізбеуге, су басқан жолдардан аулақ болуға шақырды.

Телеарна мәліметінше, ең қатты зардап шеккен ауданның бірі Хамфрис округіндегі Уаверли қаласы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама