ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2019 | 15:16
АҚШ-та тағы да атыс болды
АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, салдарынан он адам қаза тапты, тағы 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, салдарынан он адам қаза тапты, тағы 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Америкалық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, шабуыл жасаған екі адам болған. Олардың бірі атыс салдарынан қайтыс болды. Бастапқыда жеті адам қаза тапқаны белгілі болған, кейін олардың саны онға жетті.
"Оқ атқан адам қаза тапты. Тағы тоғыз адам қайтыс болды. Тағы кем дегенде 16 адам жарақаттарымен ауруханаларға барды", - деп хабарлады Дейтон полициясы Twitter желісінде.
#OregonDistrict #update Lt. Col. Carper: at 1:22am active shooter situation began in oregon district. The shooter is deceased. There are 9 others also deceased. At least 16 others went to area hospitals with injuries.
— Dayton Police Dept. (@DaytonPolice) August 4, 2019Оқиға болған жерде полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы әлі белгісіз. Куәгерлер оқиға орнынан видеолар жүктеп жатыр.
#BREAKING: Just getting on scene in Oregon District. Dozens of police here. Working to confirm numbers and conditions on those shot. @dayton247now pic.twitter.com/hKtaoLTJpN
— Molly Reed (@MollyR247Now) August 4, 2019Still no word on the amount of casualties.
Multiple videos online show multiple bodies in the street with sheets over them.
Still no clue on total numbers of victims & motive for shooter. #DaytonOhio #OregonDistrict pic.twitter.com/evJJmoys1i
Бұл бір тәулік ішінде АҚШ-та болған екінші төтенше жағдай. Бірінші атыс 3 тамызда Техас штатындағы Эль Пасо қаласының сауда орталығында болды. Атыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқ атқан 21 жастағы ер адам болып шықты, ол тәртіп сақшыларына өзі берілді.
Показать комментарии
Читайте также