АҚШ-та Трамптың инаугурациясынан кейін мигранттарға қарсы рейдтер басталмақ

viewings icon 423
comments icon 0
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

21 қаңтарда АҚШ-та мигранттарға қарсы рейдтер басталады. Рейдтер бірінші Чикагода жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

21 қаңтарда АҚШ-та мигранттарға қарсы рейдтер басталады. Рейдтер бірінші Чикагода жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

АҚШ-тағы мигранттарға қарсы рейдтер президент Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін басталады. Алғашқы рейдтер Чикагода, кейін Нью-Йоркте, Лос-Анджелесте, Денверде және Майамиде өтеді. Бұрын қылмыс жасаған адамдарға ерекше назар аударылмақ. Бұған АҚШ иммиграциялық және кедендік бақылауының барлығы 200-ге жуық қызметкері қатысады.

Трамп сайлау науқаны кезінде мигранттарды жаппай депортациялауға уәде берді. Бұған дейін елден заңсыз иммигранттарды шығарып жіберу үшін тіпті әскери ұшақтар да іске қосылатыны хабарланған болатын. Осылайша Трамп бақылаусыз көші-қонмен күресіп, экономика мен сыртқы саясат стратегиясын орындамақ.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная