ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2022 | 17:51
АҚШ-та түсірілім алаңында ер адамды атып кеткен
Нью-Йоркте "Закон и порядок: Организованная преступность" телехикаясының түсірілім тобы қызметкеріне оқ тиіп, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deadline сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, оқиға Бруклинде таңғы түсірілім кезінде болған. Марқұм көлікте жүргізуші орындығында отырған, белгісіз біреу есікті ашып, оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, ешқандай жанжал белгісі болмаған.
Мойын мен бетіне бірнеше рет оқ тигеннен кейін 31 жастағы ер адам қаза болғаны айтылды. Басылым мәліметінше, оның артында үш баласы қалған. Шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен, оны қазір полиция іздестіріп жатыр.
"Закон и порядок: Организованная преступность" премьерасы 2021 жылдың 1 сәуірінде өтті. Биыл мамырда ол үшінші маусымға ұзарған.
Еске салайық, бұған дейін актер Алек Болдуин Нью-Мексикода фильм түсірілімі кезінде операторды атып өлтіріп алған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также