02 ақпан 2022 | 11:28

АҚШ-та тұтқындардың өліміне байланысты федерал түрмелер жабылды

Фото:elements.envato.com

АҚШ-та барлық федерал түрме жабық жұмыс режиміне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та барлық федерал түрме жабық жұмыс режиміне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Федерал түрмелер бюросы (ВОР) екі тұтқын төбелес шығарып, Техас штатында Бомонттағы қатаң режимдегі түрме жанындағы ауруханада қайтыс болғанын хабарлады. Төбелес салдарынан тағы екі тұтқын ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"ВОР аса сақтықпен әрекет етті, олар камераларға шектеу қойды, бұл сирек кездесетін оқиға. Бұл біздің мекемелердегі тәртіпті қамтамасыз етудің уақытша шарасы", - делінген BOP хабарламасында.

Реклама
Реклама

АҚШ-тың 130 федерал түрмесінде 134 мыңнан астам тұтқын бар екендігі айтылды. Мұндай шаралар бүкіл федерал түрме жүйесіне сирек қолданылады. АҚШ-тағы тұтқындардың көпшілігі федерал үкімет емес, жеке штаттар басқаратын түрмелерде қамауда ұсталады.

"Біз бұл қауіпсіздік шарасы ұзаққа созылмайды деп үміттенеміз. BOP оқиғаларды мұқият қадағалап отырады және жағдай орныққан сайын өз операцияларын реттейді", - деген хабарламада.

The New York Times газеті мәліметінше, 1372 тұтқын ұсталған Бомонт мекемесіндегі зорлық-зомбылыққа Лос-Анджелес пен Сальвадорда құрылған MS-13 көше бұзақылары қатысқан. Бұл төбелес басқа түрмелерге таралуы мүмкін екені алаңдаушылық тудырды, өйткені бәсекелес топтардың мүшелері бір-біріне кектенеді.

Бұған дейін АҚШ билігі Гуантанамо түрмесінің ең құпия блогын жауып тастаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная