25 мамыр 2022 | 15:29

АҚШ-тағы кем дегенде 20 адамның өмірін қиған атыстың мән-жайы анықталды

Фото: REUTERS

Техас штатының Ювалд қаласында (АҚШ) болған атыстан 19 мектеп оқушысы мен екі ересек адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Техас штатының Ювалд қаласында (АҚШ) болған атыстан 19 мектеп оқушысы мен екі ересек адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Reuters.

Алдын ала мәлімет бойынша, атқышты құрдастары киіміне байланысты мазақ еткен.

Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты. CNN мәліметінше, қылмыскер мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған. 

Реклама
Реклама

Полиция өкілі Пит Арредондо күдікті жалғыз болғанын және мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты. 

Атқышты құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы операция кезінде атып өлтіруге мәжбүр болған. Атқышқа оқ атқан - Шекара қызметінің агенті. 

Associated Press мәліметінше, шабуыл жасалған мектепте Шекара қызметінің кейбір агенттерінің балалары да оқыған.

Америкалық БАҚ атқыштың 18 жастағы  Сальвадор Рамос екенін анықтаған. Ол өзінің туған күніне орай әскери стильдегі екі мылтықты сатып алған. 

Атқыштың достарының айтуынша, оның басқа құрдастары Рамосты киген киімі мен отбасының қаржылық жағдайына байланысты мазақ еткен. Соның салдарынан ол мектепке сирек баратын болған.

Ювалдтағы бастауыш мектебінде оқ атылғаны туралы АҚШ президенті Джо Байден де хабарлап, трагедия құрбандарын еске алып, мемлекеттік туды төмен түсіруге бұйрық шығарғанын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная