06 қараша 2020 | 14:50

АҚШ-тағы сайлау: Невадада 10 қарашаға дейін бюллетеньдер қабылданады

© REUTERS/Carlos Barria

АҚШ-тың Невада штатының билігі 10 қарашаға дейін пошта арқылы жіберілген бюллетеньдерді қабылдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі штат хатшысы Барбара Седжавскидің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Невада штатының билігі 10 қарашаға дейін пошта арқылы жіберілген бюллетеньдерді қабылдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі штат хатшысы Барбара Седжавскидің ресми сайтына сілтеме жасап.

Невадада әлі 190 150 бюллетень өңделуі керек, олардың 90 пайызы Кларк округінен (Лас-Вегас) келген. 200 мың бюллетеннің 123 мыңға жуығы пошта арқылы жіберілді, ал 66 мыңы сайлау учаскесінде жеке салынған.

Реклама
Реклама

"Невада заңы бойынша, пошта мөрі сайлау күні немесе одан ертерек және 10 қарашада 17.00-ден кешіктірмей қойылған бюллетеньдер есепке алынады", - делінген хабарламада.

Невада Пенсильвания мен Солтүстік Каролинамен бірге бюллетеньдерді сайлау күнінен кейін санауға рұқсат бергенін атап өткен жөн. Дәл осы штатта Джо Байден жеңіс үшін жетпей тұрған алты дауысын жинай алады.

Бұған дейін АҚШ президенті сайлауының нәтижелері неге жарияланбай жатқаны хабарланған болатын. Оның себебі - Невадада есептелмеген дауыстар еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная