ПОДЕЛИТЬСЯ
24 тамыз 2020 | 12:48
АҚШ-тағы тәртіпсіздік: полицейлер афроамерикалық жігітке оқ атты
Висконсин штаты Кеноша қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық жігітке оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Висконсин штаты Кеноша қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық жігітке оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, афроамерикалық жігіт ауыр дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Кейін қалада тәртіпсіздік басталған.
Kenosha News газетінің мәліметінше, афроамерикалық жігіт ұрысып қалған екі әйелді тоқтатпақ болған. Алайда тәртіп сақшылары оған қарсы алдымен электршок қолданып, кейін оқ атқан.
Көршілердің айтуынша, оқыс оқиға оққа ұшқан ер адамның балаларының көзінше болыпты.
Кеноша қаласының полициясы "тұрмыстық зорлық-зомбылық" дерегі бойынша арыз түскен соң оқиға орнынан келгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оқ атылғанын мойындады.
"Полиция ол адамға бірден көмек көрсетті. Ол тікұшақпен Милуоки ауруханасына жеткізілді. Жігіт ауыр халде жатыр", - делінген мәлімдемеде.
Висконсин штатының губернаторы Тони Эверс Twitter желісіндегі парақшасында "Күндіз Джейкоб Блейканың арқасына бірнеше рет оқ атылғанын" жазды. Ол жігітке тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Біз оқиғанын толық мән-жайын білмейміз. Бірақ елдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атып, жараланған немесе аяусыз өлтірілген алғашқы қара нәсілді ер адам немесе адам емес екеніне сенімдіміз", - деді губернатор.
Milwaukee Journal Sentinel басылымының мәліметінше, бұл жаңалық тараған соң тұрғындар көшеге шыққан. Артынша полициямен қақтығыс болған. Тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді полиция ғимаратынан шегеріп, көзден жас ағызатын газды қолданған. Билік қалада коменданттық сағат жариялаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также