08 қазан 2021 | 10:17

АҚШ "Талибан" қозғалысының бұрынғы командирін америкалық сарбаздарды өлтірді деп айыптады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©REUTERS

АҚШ билігі "Талибан" қозғалысының бұрынғы командиріне (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) 2008 жылы америкалық әскери қызметшілерді өлтірді деген айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ билігі "Талибан" қозғалысының бұрынғы командиріне (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) 2008 жылы америкалық әскери қызметшілерді өлтірді деген айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, 2008 жылы америкалық журналисті ұрлады деп айыпталған Хаджи Наджибуллаға 2008 жылы Ауғанстандағы америкалық әскерлерге жасалған шабуылдар, оның ішінде үш америкалық сарбаз бен олардың ауған аудармашысын өлтірді және америкалық тікұшақты жарып жіберді деген айып тағылды. 

Айыптау 2007-2009 жылдар аралығында америкалық әскери қызметшілерге қарсы жасалған қылмыстарға қатысты қойылды. Бұрынғы қолбасшының 2008 жылы қарашада Ауғанстанның екі азаматымен бірге америкалық журналистің ұрлануына қатысы бар деген болжам бар.

Реклама
Реклама

"Ауғанстандағы қақтығыстың ең қауіпті кезеңдерінің бірінде Хаджи Наджибулла Ауғанстанның бір бөлігін қорқытып, америкалық күштерге шабуыл жасаған "Талибан" көтерілісшілерінің тобын басқарды", - делінген прокурор Одри Страусстың мәлімдемесінде.

Наджибулла 2020 жылдың қазан айында тұтқындалып, Украинадан АҚШ-қа экстрадицияланды, қазір қамауда отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная