АҚШ төрт ресейлікті киберқылмыс жасады деп айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
470
comments icon
0
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

АҚШ төрт ресейлікті жаһандық энергетика саласына хакерлік шабуыл жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Әділет министрлігі сайтына сілтеме жасап.

АҚШ төрт ресейлікті жаһандық энергетика саласына хакерлік шабуыл жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Әділет министрлігі сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Әділет министрлігі АҚШ пен әлемнің басқа елдеріндегі "маңызды инфрақұрылымға" кибершабуыл жасады деген төрт ресейлік азаматқа қатысты екі айыптау қорытындысын жариялады. Ведомство мәліметінше, хакерлер шабуылы 135-ке жуық елдегі жүздеген компания компьютерлеріне бағытталған.

36 жастағы ресейлік Евгений Гладкихке қатысты АҚШ-тың алғашқы айыптауы Ресей Қорғаныс министрлігі ғылыми-зерттеу институтының қызметкері мен серіктестерінің аты аталмаған елдің мұнай өңдеу зауытының қауіпсіздік жүйесіне Schneider Electric жасаған зиянды бағдарлама енгізу әрекетіне қатысты. Ақау зауыттың екі рет апатты түрде тоқтатылуына әкелді, деп атап өтті Әділет министрлігі. Сондай-ақ, 2018 жылы хакерлер АҚШ-тың бірнеше мұнай өңдеу зауыттарына қарсы дәл осындай схеманы қолданбақ болғаны, бірақ олардың әрекеті сәтсіз болғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

2021 жылдың тамызындағы екінші айыптау қорытындысы бойынша тағы үш күдікті Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) хакерлері Павел Акулов, Михаил Гаврилов және Марат Тюковке энергетика саласындағы компаниялар жүйесін тауып, бүлдіру үшін жұмыс істеді деп айып тағылған.

Олар киберқауіпсіздікті зерттеушілер арасында Dragonfly, Berzerk Bear, Energetic Bear және Crouching Yeti сияқты лақапатымен танымал "Центр-16" тобының мүшелері болған.

АҚШ Әділет министрлігі екі іс бойынша киберқылмыс бірнеше жыл бұрын болғанымен, тергеушілер Ресей болашақта да осындай шабуылдар жасайды деп алаңдайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная