06 қыркүйек 2021 09:11

АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері "мю" штамының ерекшелігін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
© NBC News

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи CBS телеарнасына коронавирустың жаңа "мю" штамы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи CBS телеарнасына коронавирустың жаңа "мю" штамы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша,"мю" штамында белгілі бір антиденелер қорғауынан жалтару қабілетін көрсететін бірқатар мутациялар бар.

Фаучи қазіргі уақытта сарапшылар коронавирус инфекциясының бұл түрі АҚШ-та басымдық алуы мүмкін бе, тексеріліп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, инфекционист "тікелей қауіп жоқ" деп баса айтты, өйткені қазір АҚШ-та "дельта" нұсқасының үлесі 99 пайыздан асады.

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы дәрігерлерде АҚШ-та қолданылатын препараттардың "мю" штамынан қалай әсер ететіні туралы әлі толық ақпарат жоқ екенін мойындады.

Коронавирустың "мю" штамы алғаш рет Колумбияда табылған. Ол АҚШ-та, Испанияда, Нидерландыда және басқа елдерде тарала бастады.

Жаңа штамның сипаттамаларын зерттей отырып, колумбиялық ғалымдар ақуыздың құрамында 146N кірістіргіш пен бірнеше аминқышқылын алмастыру барын тапты. Сарапшылар бұл кірістірудің бірегей екенін және оның вирус жұқтыру немесе патогенезге әсері әлі белгісіз екенін айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram