ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қыркүйек 2021 | 12:28
АҚШ-тың бұрынғы президенттері ауған босқындарына көмек көрсету үшін бірікті
АҚШ-тың бұрынғы үш президенті - республикашыл Джордж Буш пен демократтар Билл Клинтон мен Барак Обама ауған босқындарына көмек көрсету мақсатында жаңа ұйымға қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың бұрынғы үш президенті - республикашыл Джордж Буш пен демократтар Билл Клинтон мен Барак Обама ауған босқындарына көмек көрсету мақсатында жаңа ұйымға қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұрынғы америкалық көшбасшылар мен олардың әйелі АҚШ әскері шығарылғаннан кейін эвакуацияланған ауғандарға көмектесуге бағытталған Welcome.US коммерциялық емес ұйымдары мен кәсіпорындары құрамында жұмыс істейді.
"Мыңдаған ауған қауіпсіз әлем үшін бізбен бірге алдыңғы қатарда тұрды, енді олар біздің көмегімізге мұқтаж. Біз Welcome.US компаниясын мақтан тұтамыз және ауған отбасыларына көмектесу үшін жұмыс істейміз", - деп мәлімдеді Джордж Буш пен оның әйелі Лора.
Ведомство мәліметінше, бұл коммерциялық емес бастаманың сайты 14 қыркүйекте іске қосылған.
"Ауғанстандық жаңа көршілеріміздің қоныс аударуы бүкіл елдің қатысуын талап етеді. Сондықтан үш бұрынғы президент пен үш бұрынғы бірінші ханым бізге көшбасшы ретінде қосылды", - делінген Welcome.US сайтында.
Хиллари Клинтон, Лора Буш, Мишель Обама құрметті төраға болған.
Сонымен қатар, кеңес 280-нен аса жеке тұлғамен ұйымның, соның ішінде Microsoft корпорациясы, Starbucks Corp., CVS Health Corp сияқты АҚШ компанияларының қолдауына ие.
Бұған дейін БҰҰ-ға мүше елдер Ауғанстанға гуманитарлық көмек үшін 1 миллиард доллардан аса қаражат бөлуге уәде бергені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также