05 маусым 2022 | 16:59

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне жаңа үміткер ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Twitter/@UsAmbUzbekistan

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметіне Даниэль Розенблюмнің кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметіне Даниэль Розенблюмнің кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланды.

"Президент Джо Байден өз әкімшілігінің негізгі басшылары ретінде мына тұлғаларды тағайындау ниетін мәлімдеді: Дэниель Н. Розенблюм - Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымына үміткер", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған.

2014 жылғы шілдеден 2018 жылғы шілдеге дейін Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша Мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер дипломатиялық миссиясын 2021 жылдың қыркүйегінде аяқтады. Былтыр қазаннан бастап АҚШ елшісі міндетін Джуди Куо атқарып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная