27 шілде 2020 11:08

АҚШ-тың Қытайдағы бас консулдығы жабылды

Фото ©REUTERS

АҚШ-тың Чэнду қаласындағы бас консулдығы Қытай талаптарына сәйкес ресми түрде жабылды. Бұл туралы ҚХР СІМ мәлімдемесінде жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2020 жылғы 27 мамырда сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де) Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы қытайлық тараптың талаптарына сәйкес жабылды", - деп жазылған ҚХР СІМ ресми сайтындағы мәлімдемеде.

Реклама
Реклама

Содан соң Қытай құзыретті органдарының өкілдері бас консулдықтың территориясына бас қақпа арқылы кіріп, оны өз қарауына алғаны хабарланған.

Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы 1985 жылы ашылған және елдің оңтүстік-батысына, оның ішінде Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу провинциялары, Тибет автономиялық ауданы, сондай-ақ, орталықтандырылған жүйеге қарайтын Чунцин қаласына жауап беретін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram