02 ақпан 2022 | 10:44

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 30 триллион доллардан асты  

©REUTERS

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 30 триллион доллардан асып, рекорд деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі USA Today басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 30 триллион доллардан асып, рекорд деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі USA Today басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігі мәліметінше, "жиынтық мемлекеттік қарыз" бағанында 30,012 триллион доллар сомасы көрсетілген. Бұл Американың мемлекеттік қарызының бұған дейін болмаған рекорд көрсеткіші болды.

The New York Times газетінің дерегіне сүйенсек, қазіргі сандар болжанғаннан бірнеше жыл бұрын алынған. Бұған АҚШ-тың коронавирус пандемиясымен күресуге, соның ішінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге, шағын бизнесті қаржылық қолдауға және қарыз ақшамен қаржыландырылған ынталандыру төлемдеріне бағытталған триллион федерал шығындары себеп болды, деген газеттің аналитикалық материалында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, америкалық басылымдармен сұхбаттасқан экономистер мәліметі бойынша, Американың рекорд деңгей көрсеткен мемлекеттік қарызы қандай да бір қорқыныш тудырмайды, ең алдымен АҚШ экономикасы пандемияға қарамастан өсіп жатыр және пайыздық мөлшерлеме төмен деңгейде қалып отыр.

Бұрын республикалықтар мен демократтар сенатта АҚШ-тың мемлекеттік қарызының лимитін арттыруға келіскен, осылайша, өз тарихында тұңғыш рет дефолтқа жол бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная