АҚШ-тың шешуші штатында дауыстар қайта саналып, Байденнің жеңісі расталды

viewings icon 359
comments icon 0
©REUTERS ©REUTERS

Джорджияда (АҚШ) бюллетеньдер қайта қолмен саналғанан кейін штаттардағы 3 қарашада өткен сайлау жеңімпазы Джо Байден екені расталды, - деп хабарлайды Reuters.

Джорджияда (АҚШ) бюллетеньдер қайта қолмен саналғанан кейін штаттардағы 3 қарашада өткен сайлау жеңімпазы Джо Байден екені расталды, - деп хабарлайды Reuters.

Джорджия вице-губернаторы Бред Раффенспергер өз сайтында 150 округтің 5 миллионнан аса бюллетенін қайта өңдеу нәтижелерін жариялады.

Реклама
Реклама

Байден 12 284 дауыспен жеңгені хабарланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, республикашыл Дональд Трамп 2 462 857 дауыс жинаған, ал Джо Байден - 2 475 141.

"Джорджия тарихындағы алғашқы толық аудит қағаз бюллетеньдерін өңдеудің жаңа жүйесі сайлаудың жеңімпазын дәл есептеп, көрсеткенін растады", - деді Раффенспергер.

Бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда екі негізгі штатта жеңілгені хабарланған болатын. Осыдан кейін Байден Трамптың сайлаудағы жеңілісін мойындағысы келмеуі - жауапсыздық екенін атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная