ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2022 | 17:21
АҚШ Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салудан бас тарту себебін түсіндірді
Ақ үй Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салу "ұтымды шешім емес" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақ үй Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салу "ұтымды шешім емес" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ-тың ядролық қаруы бар Ресеймен тікелей қақтығысқа түсу қаупін алға тартып, Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салынған аймақ құру туралы үндеулерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл АҚШ әскері ресейлік ұшақты атып түсіретінін білдіреді.
"Негізі, бұл америкалық әскерилер ұшақтарды - ресейлік ұшақтарды атып түсіретінін білдіреді. Бұл сөзсіз шиеленіс және Ресеймен әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін. Президенттің ойлағаны бұл емес", - деп түсіндірді Псаки.
Алайда ол ресейлік әуекомпанияларға АҚШ әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын түсіндірді. Әзірге бұл мәселе бойынша шешімдер жоқ, бірақ ондай санкциялар қабылдануы мүмкін. Шешім қабылданса, АҚШ аспанында ресейлік әуекомпаниялар ұша алмайды.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский президент Джо Байденнен Украинаның әуе кеңістігінен ұшуға тыйым салынған аймақты белгілеуді сұраған болатын. Осыдан кейін АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі мәлімдеме жасаған.
Еске салайық, Еуропалық Одақ та Ресей ұшақтарының ЕО аумағынан ұшуына толық тыйым салатын жаңа санкциялар пакетін енгізген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также