ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2022 | 10:01
АҚШ Украинаға 100 миллион доллар қосымша көмек беретінін жариялады
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украинаның Ішкі істер министрлігіне шекараны қорғауды, құқықтық тәртіпті сақтауды және маңызды мемлекеттік инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ету үшін 100 миллион доллар қосымша көмек бөлуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT порталына сілтеме жасап.

Қаржыландырудың артуы Украинаның мемлекеттік шекара қызметі мен Ұлттық полициясы үшін жеке қорғаныс құралдарының, далалық және тактикалық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, бронтехника және байланыс құралдарының тұрақты келуіне көмектеседі.
"АҚШ Украинаның Ішкі істер министрлігінің мүмкіндіктерін жақсарту үшін азаматтық қауіпсіздікке қосымша 100 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуге ниетті", - делінген Блинкен мәлімдемесінде.
Бұған дейін АҚШ Украинаға гуманитарлық көмекті қаржыландыруға қосымша бір миллиард доллардан аса қаражат бөлуге дайын екендігі хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также