31 мамыр 2022 | 12:09

АҚШ Украинаға Ресей жеріне жете алатын зымырандарды жібермейді - Байден

Камила Долаева Журналист
©REUTERS

АҚШ Украинаға Ресейге дейін жете алатын зымыран жүйелерін жібермейді. Ресей Славянск қаласына "ауқымды шабуыл жасау үшін" дайындалып жатыр. Ал ЕО елдері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін әзірлеп, қабылдағалы жүр. Tengrinews.kz тілшісі Украинаға қатысты кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Украинаға Ресейге дейін жете алатын зымыран жүйелерін жібермейді. Ресей Славянск қаласына "ауқымды шабуыл жасау үшін" дайындалып жатыр. Ал ЕО елдері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін әзірлеп, қабылдағалы жүр. Tengrinews.kz тілшісі Украинаға қатысты кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

Президент Джо Байден АҚШ Украинаға Ресей аумағында нысанаға тигізе алатын зымыран жүйелерін жібермейтінін мәлімдеді. 

"Біз Украинаға Ресей жеріндегі нысанаға тигізе алатын зымыран жүйелерін жібермейміз", - деді Байден журналистерге.

Реклама
Реклама

ЕО елдері Ресей мұнайының импортына ішінара тыйым салуға келісті

ЕО елдерінің басшылары Ресейден мұнай жеткізуге тыйым салуға қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель айтты. Оның сөзінше, ресейлік қара алтынды жеткізуге тыйым ішінара болады.

"ЕО елдерінің басшылары Ресей Федерациясынан мұнай импортына ішінара тыйым салу туралы келісті. Бұл Ресейден мұнай импортының бірден үштен екі бөлігін, оның әскери машинасын қаржыландырудың үлкен көзін жабады", - деп жазды ол.

Германия 143 миллион еуро ресейлік активтерді бұғаттады 

Германия ресейлік олигархтардан және ЕО санкциялар тізіміне енген басқа адамдардан алынған шамамен 143 миллион еуроны бұғаттады. Германияның Қаржы министрлігінің мәліметінше, Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай мұздатылған активтердің құны небәрі 342 000 еуро.

©REUTERS

"Ресей әскери күштері Славянскіге ауқымды шабуыл жоспарын дайындап жатыр" 

Украина бас штабының мәліметінше, Ресей әскери күштері Донбасстың шығысындағы Украина әскерінің базасы Славянскіге ауқымды шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Бас штаб өзінің күнделікті есебінде Ресей Славянскіге шабуыл жасау үшін солтүстікке қарай 50 шақырым жерде орналасқан Мәскеудің Изюм қаласынан да, жаңадан басып алынған шағын, бірақ стратегиялық маңызды Лиман қаласынан да жаңа бөлімшелер жіберіп жатыр деп мәлімдейді.

©REUTERS

Беларусь Украина шекарасына жақын жерде мобилизациялық жаттығулар өткізеді - БЕЛТА

Беларусь маусым мен шілдеде Гомель облысында жұмылдыру жаттығуларын өткізеді. Бұл туралы облыстың әскери комиссары Андрей Кривоносов хабарлады. Оның айтуынша, 22 маусым мен 1 шілде аралығында әскери комиссариаттар - әскери басқару органдары және Қарулы күштер жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді.

"Мұндай іс-шаралар дәстүрлі түрде әскери комиссариаттардың жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, әскери міндеттілердің әскери білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі", - деді Кривоносова. Оны БелТА жазды.

©REUTERS 

ЕО саммиті Еуропалық Одақ кеңесін Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдауға шақырды

Кезектен тыс Еуропалық кеңесте Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті бойынша шешімді тез арада ресми қабылдау талап етілді. Құжат Еуропалық кеңестің "Ресей мен Беларуське қысымды күшейтуге" қатысты ұстанымын растайды.

"Еуропалық кеңес ЕО-ны жақсы жұмыс істейтін бірыңғай нарықты, адал бәсекелестікті, одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты және тең жағдайларды, соның ішінде Ресейден қазбалы отынға тәуелділіктен біртіндеп бас тартуды қамтамасыз ете отырып, құжатты тез арада аяқтауға және қабылдауға шақырады", - делінген ЕО саммитінің қорытындысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная