АҚШ вакцина алған туристерге есігін ашады

Иллюстрация: pixabay

АҚШ 8 қарашадан бастап бірқатар елдің коронавирусқа қарсы толық вакцина алған туристеріне шекарадан өтуге шектеулерді алып тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

АҚШ 8 қарашадан бастап бірқатар елдің коронавирусқа қарсы толық вакцина алған туристеріне шекарадан өтуге шектеулерді алып тастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

8 қарашадан бастап Америка Құрама Штаттары Франция, Германия, Италия, Испания, Швейцария және Грецияны, сондай-ақ Ұлыбритания, Ирландия, Қытай, Үндістан, ОАР, Иран және Бразилияны қоса алғанда, Еуропадағы Шенген келісіміне қол қойған 26 елдің толық вакциналанған әуе жолаушыларын қабылдайды.

Америка шетелдіктерден АҚШ-тың реттеуші органдары немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат еткен вакцинаны салдырып келу талабын қойды. 

Реклама
Реклама

Қыркүйектің соңында Washington Post газеті Ресейдің "Спутник V" вакцинасымен егілген азаматтар қарашадан бастап АҚШ-қа кіргізілмеуі мүмкін екенін хабарлаған болатын, өйткені вакцина америкалық реттеушілердің немесе ДДСҰ-ның мақұлдауын алған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама