ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2019 | 11:45
АҚШ Венесуэланың есепшоты мен меншігін бұғаттап тастады
Ұлттық ассамблея басшысы Хуан Гуаидо тағайындаған венесуэлалық дипломаттар республиканың АҚШ-тағы есепшоты мен меншігін бұғаттауға қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы Вашингтондағы баспасөз мәслихатында елшіліктің Гуаидо бекіткен кеңесшісі Густаво Маркано мәлім етті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық ассамблея басшысы Хуан Гуаидо тағайындаған венесуэлалық дипломаттар республиканың АҚШ-тағы есепшоты мен меншігін бұғаттауға қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы Вашингтондағы баспасөз мәслихатында елшіліктің Гуаидо бекіткен кеңесшісі Густаво Маркано мәлім етті.
Бұған дейін Венесуэла президенті Николас Мадуро дипломаттық қарым-қатынас бұзылған соң АҚШ-тағы дипломаттық миссиялардың барлық қызметкері отанына оралғанын айтқан еді.
"Гуаидо ұсынған алғашқы әрекеттердің бірі активтерді қорғау болды. АҚШ-та көптеген меншігіміз бар екенін анықтадық. Осы активтер республика меншігінде қалуы үшін біз оларды қорғап қалдық. Сондай-ақ, Венесуэланың АҚШ-тағы елшілігі мен түрлі консулдарының банктік есепшоты қорғалды. Бұл ақшаны наркорежим енді пайдалана алмайды, олар бұғатталды", - деді Марконо, ол бұл сөзін Periscope-тағы трансляциясында айтты.
Оның айтуынша, Ұлтық ассамблея осы қорды пайдалануға рұқсат бере алатын жалғыз орган саналады.
Жылжымайтын нысандарға қатысты Маркано Нью-Йорктегі консул ғимаратын атады. Оның сөзінше, Мадуроның билігі оны 2017 жылы сатып жібергісі келген.
"Біз түгендеу жүргізіп, оны қорғап қалдық. Вашингтондағы әскери атташат ғимаратын да сақтай алдық. Оларды сатып жіберуден аман қалдырдық, қазір Венесуэлада меншікті сегіз нысан бар - бесеуі Вашингтонда, үшеуі Нью-Йоркте", - деді Маркано.
Венесуэла парламентінің спикері Хуан Гуаидо 23 қаңтарда уақытша билік кезінде өзін мемлекеттің басшысы деп сайлаған болатын. АҚШ пен басқа да бірқатар елдер Гуаидоның билігін мойындағанын мәлімдеп, Венесуэла президенті Николас Мадуродан оппозицияға қарсы әскери әрекеттер жасамауын талап етті. Ал Мадуро өзін конституциялық президент санап, оппозициялық парламенттің басшысын "АҚШ-тың қуыршағы" деп атаған болатын. Ресей, Қытай және басқа да бірқатар елдер Мадуроға Венесуэланың заңды президенті деп қолдау көрсетті.
Показать комментарии
Читайте также