27 шілде 2021 | 15:37

АҚШ заңсыз иммигранттарды елден жедел шығаруды жалғастыратын болды

Фото: elements.envato.com

АҚШ заңсыз иммигранттарды жедел депортациялау қайта басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ заңсыз иммигранттарды жедел депортациялау қайта басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 шілдеден бастап заң бойынша АҚШ-та тұруға заңды құқығы жоқ отбасыларды қудалау басталды.

"26 шілдеден бастап 42-бөлімге сәйкес жер аударылмайтын кей отбасылар жедел депортацияға ұшырайды. Жеделдетілген депортация - бұл АҚШ-тағы заңға сәйкес елде болуға ешқандай себебі жоқ отбасыларды шығарудың заңды, жеделдетілген процедурасы", - деді министрлік өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, АҚШ билігі елге заңсыз кіру әрекеттері қауіпті екенін, бұның салдары ұзақ мерзімді иммиграцияға әкеп соғатынын ескертті.

Министрлік мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байденнің қазіргі әкімшілігі қауіпсіз, тәртіпті және адамгершілікке негізделген иммиграциялық жүйені құруға тырысып жатыр.

Бұған дейін АҚШ-та иммигранттарға азаматтық және құқықтық мәртебе беретін екі иммиграциялық заң қабылданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная