"Әл-Каида" содырлары Сауд Арабиясының екі азаматын адамдардың көзінше өлтірді

© REUTERS

Йеменде "Әл-Каида" ұйымының өкілдері Сауд Арабиясының екі азаматын ашық түрде өлтіріп тастады, - деп хабарлайды Вести.ru

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдарды Мукалла қаласындағы жағажайда адамдардың көзінше атып тастаған. Кейін олардың денелерін көпірге іліп қойды. "Әл-Каида" ұйымы бұл әрекеттерін өз лидерлері Насера әл-Вахишиді өлтіргендерге жауап деп түсіндірген.

Еске сала кетейік, 15 маусымда "Әл-Каида" содыры Мұхтар Белмұхтарды америкалықтар өлірген болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Америкалықтардың Ливия аумағына бағыттаған әуе соққысы содырларды жойып жіберген болуы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, Пентагон "Әл-Каида" орта дәрежелі иерархиясына әуеден соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрлігі, алдын ала болжам бойынша, соққы нысанаға дәл тигенін хабарлады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, соққы кезінде салмағы 225 келі болатын екі F-15 жойғыш қаруы қолданылғаны белгілі болды. Мұхтар Белмұхтар 2013 жылы Алжирде газ кен орнына жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың бірі. Шабуыл нәтижесінде батыс елдерінен әкелінген 38 тұтқын, сонымен қатар 3 америкалық қаза тапты. Белмұхтардың қайтыс болғаны туралы ақпарат бірнеше рет тарады, дегенмен бәрі жоққа шығарылды.

 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама