07 қыркүйек 2022 | 17:56

Албания Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Албания үкіметі Иранмен дипломатиялық қатынасты үзу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elnashra сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Албания үкіметі Иранмен дипломатиялық қатынасты үзу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elnashra сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Албанияның премьер-министрі Эди Рама хабарлады. Оның айтуынша, бұл төтенше шара 15 шілдеде Иранның Албания үкіметтік жүйелеріне жасаған кибершабуылынан кейін қабылданған.

"Министрлер кеңесі Иран Ислам Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты дереу үзу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Иран елшілігіне ресми нота арқылы хабарланды, онда барлық дипломатиялық және техникалық, әкімшілік қызметкерлерге, соның ішінде қауіпсіздік қызметкерлеріне 24 сағат ішінде Албания Республикасы аумағынан кету ұсынылған", - деді Рама БАҚ-қа берген бейне хабарламасында.

Реклама
Реклама

Албания премьер-министрі үкімет Албанияға жасалған кибершабуылды Иранның "мемлекеттік шабуылы" деп есептейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная