Әлем бірнеше айда пандемияны бақылауға ала алады - ДДҰ

Фото: ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болады деп санайтынын айтты, - деп хабарлады Reuters.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болады деп санайтынын айтты, - деп хабарлады Reuters.

Гебреисус қажетті ресурстарды әділ бөлген жағдайда COVID-19 пандемиясын болдырмауға болады деп мәлімдеді.

"Егер біз құралдарды дәйекті және әділ қолдансақ, бірнеше ай бойы пандемияны бақылауға ала аламыз", - деді ол.

Реклама
Реклама

ДДҰ басшысы COVID-19 бүкіл әлемде 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар арасында таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, ол соңғы аптада әлемде COVID-19 жұқтырған 5,2 миллион жаңа жағдай тіркелгенін айтты.

Ол вакцина өндірген елдерді технологиясымен бөлісуге, ал табысы төмен және орташа елдердегі өндіріске қызығушылық танытуға шақырды.

Бұған дейін ДДҰ басшысы әлемдегі COVID-19-дың таралу жылдамдығы туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама