23 мамыр 2022 09:00

Әлемде 100 миллионнан аса адам үйінен жырақ жүруге мәжбүр - БҰҰ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) әлемдегі босқындар санын есептеді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) әлемдегі босқындар санын есептеді, - деп хабарлайды Reuters.

БҰҰ БЖКБ-ның жаңа мәліметтеріне сәйкес, зорлық-зомбылық, қақтығыс, қудалау және адам құқықтарының бұзылуы салдарынан әлемде 100 миллионнан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

©REUTERS 

Реклама
Реклама

Жоғары көрсеткіштің негізгі факторлары Украинадағы жағдай, сондай-ақ, Эфиопия және Конго Демократиялық Республикасы сияқты жерлердегі ұзаққа созылған қақтығыстар болып отыр.

©REUTERS 

"Бұл - бұрын ешқашан болмаған рекорд. Осы көрсеткіш қақтығыстарды шешу және алдын алу, қудалауды тоқтату, жазықсыз адамдардың үйлерінен кетуіне себеп болатын негізгі себептерді жою үшін дабыл болуы қажет", - деді БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғары комиссары Филиппо Гранди.

©REUTERS

БҰҰ БЖКБ мәліметтеріне босқындар, баспана іздеушілер және өз елдерінің ішінде қоныс аударғандар кіреді. Кейінгі аптада гуманитарлық орган былтыр жыл аяғында босқындар саны рекордтық деңгейге жеткенін, шамамен 60 миллион адам болғанын мәлімдеді.

Гранди гуманитарлық көмек тек оның салдарын жоятынын айтып, босқындар санын арттыратын себептерді жою үшін шаралар қабылдауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Украинадан кеткен босқындар саны 4,9 миллион екенін мәлімдеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram