Әлемде 197 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған

Әлемде 197 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған Фото ©REUTERS

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 197 390 740-қа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Worldometers-ке сілтеме жасап.

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 197 390 740-қа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Worldometers-ке сілтеме жасап.

Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19-ды жұқтарғандар саны 4 214 977-ге жетті.

Worldometers ұсынған көрсеткіш басқа порталдардан озып тұр. Себебі, Джонс Хопкинс университетінің сайтында коронавирус инфекциян жұқтырғандар саны 196 628 018 деп көрсетілген.

Жарнама
Жарнама

15 миллионнан аса COVID-19 инфекциясын жұқтырған елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны - 35 584 272, қайтыс болғандар саны 628 492-ге жетіп, көшбасшы болып тұр.

Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны 31 572 344-ке жетті, ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 423 244адам.

Бразилияда пандемия кезінде ауырғандар саны - 19 839 369 адам, қайтыс болғандар саны 554 626 жетіп, үшінші орынға шықты.

Бұған дейін Индонезия әлемде COVID-19-дан күнделікті өлім-жітім бойынша бірінші орынға шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама