31 мамыр 2016 14:59

Әлемде 45 миллион адам құлдықта жүр - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vokrugsveta.ru © Vokrugsveta.ru

Халықаралық Walk Free Foundation қоры жылсайынғы Жаһандық құлдық индексін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зерттеушілердің мәліметінше, қазір әлем бойынша 45,8 миллион адам құлдықта жүр екен. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің 2014 жылғы индекске қарағанда он есе артық екені белгілі болды.

Жыл сайын Жаһандық құлдық индексіне 167 елдің мәліметтері алынады. Walk Free Foundation мәліметтеріне сүйенсек, қазірдің өзінде Ресейде бір миллионға жуық адам құлдықта.

Жарияланған мәліметтер бойынша, құлдықта жүрген адамдар саны көп елдердің арасында Солтүстік Корея (4,37 пайыз), Өзбекстан (3,97 пайыз), Камбоджа (1,65 пайыз), сонымен қатар, Үндістан мен Катар бар. Құлдықтағылардың саны жөнінен Үндістан (18,35 миллион) көш бастап тұр екен. Одан кейінгі орындарда - Қытай (3,39 миллион) және Пәкістан (2,13 миллион).

Ал Люксембург, Ирландия, Норвегия, Дания, Швейцария, Австрия, Швеция және Бельгия, АҚШ және Канада бұл тізімде соңғы орындардан көрінді. "Бұл елдерде экономикалық жағдай тұрақтанған, сонымен қатар жанжал деңгейі төмен", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети