29 қараша 2020 | 10:33

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

© Reuters

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты. Мұндай деректерді 29 қарашада таңертең америкалық Джонс Хопкинс университеті келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты. Мұндай деректерді 29 қарашада таңертең америкалық Джонс Хопкинс университеті келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирус анықталғандардың жалпы саны 62 150 421 адам, 1 450 338 адам қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Әлемде вирус жұқтырғандар саны АҚШ-та (13 233 022) ең көп. Сондай-ақ, жағдай ушығып тұрған елдер тізімінде Үндістан (9,35 миллион), Бразилия (6,23 миллион), Франция (2,26 миллион) және Ресей (2,22 миллион) кіреді.

Кеше, 28 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш тіркеді: әлемде 747 082 жаңа жағдай анықталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная