ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2019 | 15:00
Әлемде климаттың өзгеруіне қарсы жаппай шерулер өтті
Швед оқушысы Грета Тунбергтің климаттың өзгеруіне қарсы күресін әлем жаппай қолдап жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Швед оқушысы Грета Тунбергтің климаттың өзгеруіне қарсы күресін әлем жаппай қолдап жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
150-ден астам елде осы мәселені қолдауға арналған шерулер өтті. Лондон, Рио-де-Жанейро, Сидней, Токио сынды қала көшелеріне мыңдаған адам шықты. Ең ірі шараның бірі Нью-йорк шаһарында болды. Мұндағы акцияға 60 мыңнан астам адам қатысты.
"Үлкендер маңызды мәселеге көңіл бөлмей отыр. Осыған қарсылық ретінде біз де мектепке бармадық. Білім алу әрине, өте маңызды. Бірақ жердегі өмірді қалай жақсарту керектігі де назардан тыс қалмауы тиіс", - дейді шара қатысушысы Келбе Абреу.
Еске сала кетейік, климаттың өзгеруіне қарсы қозғалыс былтыр тамызда басталып, бірнеше айдың ішінде ғалымдық сипат алған.
Показать комментарии
Читайте также