05 тамыз 2021 | 10:29

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты

Фото: Тengrinews

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 200 миллионнан аса жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 200 миллионнан аса жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 дерегінің көпшілігі АҚШ-та (35 миллионнан аса), Үндістанда (31,8 миллион), Бразилияда (20 миллион), Ресейде (6,27 миллион), Францияда (6,27 миллион) және Ұлыбританияда (6 миллионға жуық).

Жалпы, әлемде COVID-19 инфекциясынан туындаған асқынулар салдарынан 4 252 873 адам қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Университет мәліметінше, қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 228 884 979 дозасы бар.

Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс кедей мемлекеттер өз азаматтарына вакцина жетіспеген жағдайда, кем дегенде алғашқы компонентін алатындай етіп қайта вакцинациялауға уақытша мораторий енгізуге шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная