ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 17:56
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионнан асты
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 5 миллионнан асты, олардың жартысы сегіз айға жетпей өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 5 миллионнан асты, олардың жартысы сегіз айға жетпей өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік талдауы бойынша, пандемия басталғаннан кейінгі бір жыл ішінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 2,5 миллионға жетті. Тағы 2,5 миллион адам сегіз айға жетпей қайтыс болды.
Reuters агенттігі мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың жартысынан көбі АҚШ, Ресей, Бразилия, Мексика мен Үндістанда тіркелген. Сонымен қатар, кейінге апталарда өлім көрсеткішінің жаһандық өсуі баяулады, - деп хабарлады агенттік.
©REUTERS
Өлім-жітімнің жоғары деңгейі Оңтүстік Америкада тіркелген, қайтыс болғандардың 21 пайызын құрайды. Одан кейін кезекте Солтүстік Америка мен Шығыс Еуропа тұр, олардың әрқайсысы барлық қайтыс болғандардың 14 пайызынан астамын құрайды.
Агенттікте атап өткендей, әлемде коронавирустың жұқпалы дельта штаммы басым, әсіресе, екпе алмаған адамдар көп жұқтырған. Әлем халқының жартысынан көбі екпенің бірінші дозасын да алмаған. АҚШ-та жалпы қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.
Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 науқас қайтыс болды. Коронавирус инфекцияның 1717 жаңа жағдайы тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также