Әлемде мұнай бағасы тағы да өсіп жатыр

Әлемде мұнай бағасы тағы да өсіп жатыр Фото:depositphotos.com

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты белгісіздік аясында әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы қайтадан барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты белгісіздік аясында әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы қайтадан барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің құны 5,40 пайызға өсіп, барреліне 103 доллардан асты, бұған Астана уақытымен сағат 08:00-дегі сауда-саттық деректері дәлел.

WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің құны 5,64 пайызға өсіп, барреліне 94,73 долларды құрады.

Жарнама
Жарнама

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер

Мұнай бағасының көтерілуіне Таяу Шығыстағы сақталып отырған шиеленіс ықпал етіп жатыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен уақытша бітімді ұзарту туралы жариялаған болатын, бірақ бұл елдің теңіз блокадасын күшінде қалдырды.

Кейінірек БАҚ америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Трамптың Тегеранға тағы үштен бес күнге дейін бітім беруге дайын екенін хабарлады. Олардың айтуынша, бұл Иран нақты қарымта ұсыныс жасауы үшін берілген қысқа мүмкіндік.

Өз кезегінде Иран СІМ-нің ресми өкілі Эсмаил Багаи Тегеранның АҚШ-пен жаңа келіссөздерге қатысу-қатыспау туралы шешімді әлі қабылдамағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Вашингтонды тұрақсыздық танытты және дипломатиялық процеске нұқсан келтірді деп айыптады.

Айта кетейік, Иран мен АҚШ осыдан екі апта бұрын атысты тоқтату туралы жариялаған еді. Осы уақыт ішінде тараптар Исламабадта келіссөздер жүргізгенімен, олар нәтижесіз аяқталды. Жаңа кездесу 22 сәуірге жоспарланған болатын, алайда Тегеран оған қатысудан бас тартты.

Қазақстандағы мұнай бағасының өсуі: бюджет үшін тиімді, бірақ экономика үшін қауіпті

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасының өсуі Қазақстан бюджетіне қосымша табыс әкелетінін, Ұлттық қорды нығайтып, сауда балансын жақсартатынын және теңге бағамын қолдайтынын атап өткен болатын.

Дегенмен мұнай нарығындағы жоғары құбылмалылық экономикаға қауіп төндіреді. Бағаның ауытқуы инфляцияға, инвестицияларға және қаржы нарықтарына әсер етуі мүмкін. Экономиканың мұнай табысына тәуелділігі Қазақстанды сыртқы соққылар мен әлемдік бағаның күрт өзгеруіне сезімтал етеді.

2026–2028 жылдарға арналған бюджетте мұнай бағасы барреліне 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде бекітілген. Бұл көрсеткіштер экспорттан түсетін табысты, әлеуметтік төлемдерді және бюджеттік бағдарламалардың шығыстарын есептеу үшін қолданылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама