05 қараша 2020 15:50

Әлемдегі ең ауқатты адамдардың байлығы бір тәулікте 34 миллиард долларға өсті

© elements.envato.com

Forbes Real-Time рейтингі бойынша, АҚШ президенті сайлауынан кейінгі бірінші күні әлемдегі ең ауқатты он адамның байлығы 34,4 миллиард долларға өскен, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Forbes Real-Time рейтингі бойынша, АҚШ президенті сайлауынан кейінгі бірінші күні әлемдегі ең ауқатты он адамның байлығы 34,4 миллиард долларға өскен, - деп хабарлайды РИА Новости.

4 қарашадағы сауда-саттық нәтижелері бойынша рейтингте бірінші тұрған Amazon басшысы Джефф Безостың жағдайы басқаларға қарағанда көбірек өскен. Ол 10,5 миллиард долларға байып, жағдайы 190,6 миллиард долларға жетті.

Реклама
Реклама

Facebook басшысы Марк Цукерберг (тізімдегі төртінші орын) сегіз миллиардқа, жалпы 105,5 миллиард долларға дейін байыды. Үндістанның Reliance Industries холдингінің иесі Мукеш Амбанидің (рейтингте 10-шы орын) байлығы 4,1 миллиард долларға өсіп, ал жағдайы 74,2 миллиард долларға жетті.

Алайда топ-10-ға кіретін үш миллиардер байлығын арттыра алмады: Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 547 миллион долларын жоғалтты, ол рейтингтің бесінші қатарында, алтыншы орында тұрған инвестор Уоррен Баффет 291 миллионнан айырылды, ал Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон (сегізінші орын) - 379 миллион доллардан.

Еске салайық, АҚШ-тағы президент сайлауы 3 қарашада өтті. Бірқатар штаттардағы дауыс беру нәтижелері әлі белгісіз. Америкалық жетекші телеарналардың есептеулеріне сәйкес, әзірше демократиялық партия кандидаты Джо Байден көш бастап тұр.

АҚШ қор нарығы дауыс беруден кейінгі бірінші күні сенімді түрде өсті. Сәрсенбідегі сауда-саттық нәтижесінде, Америка биржалары 1-3,8 пайызға өсті. Негізгі өсімді технологиялық компаниялар көрсетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram