04 шілде 2023 10:04

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Giffer.com

Америкалық миллиардер Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адамдар тізімінде. Бизнесмен тағы да Bloomberg тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адамдар тізімінде. Бизнесмен тағы да Bloomberg тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Tesla және Space X негізін қалаушы бірінші жартыжылдықта өзінің байлығын 100 миллиард долларға дерлік арттырған. Жарты жылдың ішінде ол өз капиталын 234 миллиард долларға дейін ұлғайтқан.

Агенттіктің мәліметінше, шілдеде Tesla акциялары 6,9 пайызға өсіп, кәсіпкерге тағы 13 миллиард доллар табыс әкелген.

Реклама
Реклама

Екінші орында LVMH иесі Бернар Арно 200 миллиард доллармен тұрса, американдық кәсіпкер және Amazon.com негізін қалаушы Джефф Безос 154 миллиард доллармен үздік үштікті қорытындылады.

Табысы бойынша Илон Масктан кейін Meta Platforms иесі Марк Цукерберг тұр - маусым айында оның байлығы 58,9 миллиард долларға өсіп, қазір 104 миллиард доллар болды. Цукерберг - әлемдегі ең бай адамдар тізімінде тоғызыншы орында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram