24 қазан 2017 | 09:32

Әлемдегі ең жабық қаланың тұңғыш рет панорамалық видеосы пайда болды

Сингапурлық фотограф Арам Пан тұңғыш рет әлемдегі ең жабық қаланы - Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньянды 360 градус форматта видеоға түсірді. Төрт камераның көмегімен түсірілген 12 минуттық панорамалық видеоны автор YouTube-те жариялады. Бірнеше күннің өзінде ролик екі миллион рет қаралған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сингапурлық фотограф Арам Пан тұңғыш рет әлемдегі ең жабық қаланы - Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньянды 360 градус форматта видеоға түсірді. Төрт камераның көмегімен түсірілген 12 минуттық панорамалық видеоны автор YouTube-те жариялады. Бірнеше күннің өзінде ролик екі миллион рет қаралған. 

Видеода КХДР астанасында көліктердің осыншама қала үшін тым аз екендігін байқауға болады. Көшеде жаяу жүргіншілердің топтасып жүргенін де байқау қиын. Видеода танымал құрылыстар мен ескерткіштер көрінеді - Бірінші мамыр атындағы танымал стадион, әлемдегі сыйымдылығы жағынан ең үлкен, Рюген қонақүйі, 47 қабатты Янгакто қонақүйі, Мансу төбесі, Чучхе монументі. 

Реклама
Реклама

Эксклюзив түсірілім жасау үшін фотографтың рұқсатты қыркүйекте алғанын жазады Medialeaks. Ер адам өзінің өмірге деген позитив көзқарасының арқасында рұқсат алғанын айтады: "Мен оларды барлығы айтатындай құбыжық деп санамаймын. Барынша достық қарым-қатынаста болсам, олар маған ашылады. Ескіден қалған сөз бар: "Дөрекі сөз ашу туғызады, дұрыс жауап өшпендікті басады". 

Арам барлық суретті жарияламас бұрын, тексертіп алған. Ол түсірген суреттердің 90 пайызын қалдырған. "Әскерилерді түсіруге рұқсат жоқ, әсіресе құрылыс алаңдарының және фермаларды күзетіп тұрған сарбаздарды түсіруге болмайды. Әскери автомобильдер мен әскери ғимараттарды түсіруге болмайды. Қалғанының барлығын түсіруге рұқсат берді", - деп түсіндірді Арам Пан. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная